Орман және аң шаруашылығы инспекциясының бастығы сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жамбыл облыстық аймақтық орман және аң шаруашылығы инспекциясының бастығы сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзғандығы үшін жауапқа тартылды.
None
None

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтында хабарланған.

«Жамбыл облыстық прокуратурасының қаулысын қарау барысында облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясының бастығы К.Кемелов «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңда көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Инспекцияның қызметін тексеру барысында бюджет қаражатын заңсыз шығындау, сондай-ақ қызметтік өкілетті теріс пайдалану фактілері бойынша мемлекетке 300 мың теңге залал келтірілгені анықталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыстық прокуратура «Облыстық педагогтық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру институты» мекемесінің қызметін тексеру барысында мекеме директоры М.Нұрмановтың қызмет бабын пайдаланып жалған құжаттар арқылы бюджеттен 695 мың 130 теңге ұрлағанын анықтаған. «Тексеру нәтижесі бойынша Жамбыл облыстық прокуратурасы М.Нұрмановтың үстінен ҚР ҚК 176 б. 2 б., яғни тұлғаның қызмет бабын пайдаланып, өзіне пайда және артықшылық келтіру мақсатында бөтеннің мүлкін ұрлауы бойынша қылмыстық іс қозғады» -, делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар