Орманда адасқан балаларды иттері құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Свердлов облысында құтқарушылар орманда тәулікке жуық уақыт адасып жүрген екі жасөспірім баланы іздеп тапты,деп хабарлайды өңірлік ТЖМ басшылығының сайты.

Орманда адасқан балаларды иттері құтқарып қалды

Хабарламада балалардың Кушвы қаласынан 30 шақырым жерде орман ішінен табылғаны айтылады. Екеуінің де жағдайы орташа, аяқтарының өкше тұстарын үсік шалуына байланысты балалар ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпараттарға сүйенсек, жоғалған жасөспірімдер түнде орман ішінде түнеген. Сіріңке болмағандықтан, от жаға алмаған. Ұлдардың жандарындағы төрт аяқты достары оларға жылынуға көмектесіпті.

Балаларды іздеуге 200-ден астам адам жұмылдырылған.