Ормандағы жол жиегінен қорапқа салынған екі қонжық табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қонжықтардың екеуі наурыз айының басында тайгада, ормандағы жолдың жиегінен қораптың ішінен табылған.
Ал қалған екеуін Приморьенің Хасан ауданынан әкелген. Шекарашылар оларды Приморск кентінің маңынан тапқан. Наурыз айы бойы қонжықтар карантинде, ветеринарлық дәрігердің бақылауында болған», деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Гималай аюлары Уссурий тайгасын мекендейді. Экологтардың бағалауынша, Приморьеде олардың саны 6 мыңға жуық. Әдетте, көктемде ұйқыдан оянған аюлар аңшылардың құрбанына айналып жатады. Аналық аюларды өлтіргеннен кейін браконьерлер олардың әлсіз қонжықтарын тастап кетеді.
Приморье сафари-саябағына жыл сайын осындай жетім қалған қонжықтар жеткізіліп тұрады. Саябақта олар бір-бір жарым жыл болып, кейін хайуанаттар бағы мен циркке тапсырылады.