Ормандардағы бақылау мұнараларының бәрінде бірдей тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмаған - ТЖМ өкілі

Оның айтуына қарағанда, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша орман алқаптарына тақау орналасқан елді мекендерді және мемлекеттік орман иеленушілер мен пайдаланушыларды тексеру жөніндегі нұсқаулық әзірленген. Осыған орай 154 орман қорғау ұйымның қазіргі уақытта 104-інің тексерілгендігін атап өткен В.Петров аталған мекемелерге ортақ болып отырған бірқатар кемшіліктерге тоқталды.
«Тексерілген барлық ұйымдарда өрт-техникалық құрал-жабдықтар саны жеткіліксіз. Ормандардағы бақылау мұнараларының кейбірінде күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылмаған. Орманды ағаш кесінділерінен және өрттің тұтануына себеп болатын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілмеген. Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі жеткілікті деңгейде көтеріліп отырған жоқ. Сонымен қатар өрт сөндірушілер мен жүргізушілер ішінара арнайы орталықтардан біліктілік арттырудан өтпеген», деді вице-министр.
В.Петровтың айтуынша, тексеру жұмыстары қазіргі уақытта жалғасын табуда.