Экология министрі Премьер-министрден көмек сұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Ормандағы өрт қауіпсіздігін әуеден күзетуге бөлінген қаражат жетпей жатыр. Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осындай мәселе көтеріп, Үкімет басшысынан көмек сұрады.

— Мемлекеттік орман қорының өртке неғұрлым осал учаскелерін бақылау үшiн ұшу уақытының 10 453 сағаттық нормасы белгіленді. Алайда республикалық бюджетте қарастырылған қаржы жеткіліксіз. Құрметті Олжас Абайұлы, осы маңызды мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз, — деді ведомство басшысы.
Министрліктің қосымша берген ақпаратына сенсек, бұл мақсатқа тағы 11 млрд теңге керек.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыс пен шөпті шарпыған тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр. Соннымен қатар орман шаруашылықтарын техникамен жабдықтау бюджеті 5,6 млрд теңгеге қысқарған.