Орманды қалпына келтіруге 300 млн теңге бөлінді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.
Осы мақсатта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарланып отыр.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 300 млн теңге көлеміндегі қаржылық қолдаумен жүзеге асырылып жатыр.
Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының ауданын ұлғайту және табиғи экожүйелерді сақтау.
Қарағай көшеттерін отырғызу – болашақ орманды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Айта кетелік Амановтар әулеті туралы жазған едік. Отбасы қарағай ормандарын қызғыштай қорғап, орман қорын көбейтумен талмай шұғылданып келе жатыр. Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі бүгінде 235 жылдан асып отыр.