Өрмекші адам Англиядағы футбол матчын тоқтатуға әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат -   «Вест Хэм» және «Манчестер Сити» командалары арасындағы Англия кубогы матчы кезінде фильм кейіпкері - өрмекші адамның костюмын киген ер адам футбол алаңына жүгіріп шықты, деп хабарлайды CBS.

Өрмекші адам Англиядағы футбол матчын тоқтатуға әрекеттенді

Журналистердің пікірінше, супербатыр болып «Вест Хэм»клубының фанаттарының бірі киінген. Өз әрекетімен ол матч барысын өзгерткісі келген, себебі екінші таймда лондондық команда «Манчестерден» 5-0 есебімен жеңіліп жатқан еді.
Өрмекші адамды айып алаңына сарғыш дамбал киген белгісіз ер адам алып шыққан, деп жазды РИА Новости. «Батырлар» алаңда ұзақ тұра алмады, себебі оларға қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұмтылды.