«Өрмекші адам» Малайзиядағы Petronas егіз-мұнараны бағындырды
деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.
Робер кеше биіктігі 452 метрлік және 88 қабатты Petronas егіз-мұнарасының біріне көтерілді. Француз бұл мұнараны бұған дейін екі рет - 1997 және 2007 жылы - бағындырмақ болған еді, бірақ ол талпыныстары сәтсіз аяқталған болатын. Мұнарадан түскен соң «Өрмекші адамды» әдеттегідей, полиция ұстады. Куала-Лумпурдың полиция бастығы Мұхаммад Сабту Оспанның айтуынша, қазір Ален Робердің үстінен іс қозғау туралы мәселе шешілуде.
46 жастағы экстремал Ален Робер әлемнің түрлі елдеріндегі биік ғимараттарды бағындырумен аты шыққан азамат. Ол әлгі ғимараттарға ешқандай құрал-саймансыз көтеріледі және ешкімнен рұқсат сұрамайды. Нәтижесінде, жерге түскен сайын оны полиция қамауға алады. Робердің алғашқы жетістігі - Чикагодағы CityBank ғимараты (1994). Содан бері ол Нью-Йорктегі Empire State Building, Париждегі Эйфель мұнарасы, Мәскеудегі биіктігі 242 метрлік «Батыс» ғимараты сияқты бірнеше ондаған нысанды бағындырды.