Өрт 2 адамның өмірін қиып кетті - ТЖМ
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Өткен екі тәулікте ел аумағында болған өрт оқиғаларында 2 адам мерт болды,
деп хабарлады дүйсенбі, қаңтардың 1-і күні ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Мәселен, сенбі, қаңтардың 30-ы күні Қостанай облысы Фрунзе ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдің 15 шаршы метр аумағынан өрт шығып, оны сөндіру барысында 51 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Тілсіз жау өрт сөндіру қызметтері келгенше көршілердің көмегімен ауыздықталды.
Сондай-ақ қаңтардың 31-і күні сағат 21.20-да Шығыс Қазақстан облысы Ушанов ауылындағы «жер үйдің» 25 шаршы метр аумағында болған өрттің салдарынан 33 жастағы азамат мерт болды.
Жалын ТЖМ ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің күшімен үш сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді.