Өрт алапатынан адамдар баспаналарын тастап кетуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның оңтүстігіндегі орман өрттері жел екпінімен жылдам жайылып барады. Билік өкілдерінің хабарлауынша, көптеген үйлер отқа оранып, Виктория штатында өртті ауыздықтау кезінде өрт сөндіру қызметкері зардап шекті.
Мельбурн маңындағы аудандардың бірінде тұрғындар оттың жылдам таралуы қаупіне байланысты үйлерін тастап кетіп жатыр. 25 өрт ошағаның қатеріне байланысты Виктория билігі халықты қауіптіліктің жоғары деңгейі жайында ескертті. Тілсіз жау ауқымы осы елдегі бес жыл бұрынғы өрт алапатынан да асып түсті. Оңтүстік Австралия штатында өрт 25 мың гектар жерді шарпыды. Тілсіз жау тәулігіне 2 мың гектар жерге жайылып үлгеруде. Құтқарушылар 40 градустық аптап ыстықта өртті ауыздықтауға қауқарсыз екендіктерін мойындап отыр.