Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті арттыру қажет - В. Божко

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко өрт қауіпсіздігі талаптары мен жазба бұйрықтарын орындамағын үшін тәртіптік жауапкершілікті, мүмкін болса қылмыстық жауапкершілікті арттыру керектігін атап өтті,

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті арттыру қажет  - В. Божко

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Әділет министрлігінің заңнама комиссиясына осындай ұсыныстар жасамақпыз. Сосын Үкіметте қолдау тапса, парламентке осы мақсаттағы заң жобасын енгізу қажет деп білеміз. Өйткені, қазіргі орын алып отырған өрттердің басым бөлігі осындай талаптарға атүсті қараудан туындап отыр. Мәселен, біз еліміздегі көптеген мектептерге жазбаша бұйрықтар жіберіп отырмыз. Бірақ, жекелеген мектеп директорлары нысанды жабуға біздің батылымыз жетпейтіндігін алға тартып, осыған селқос қарайды. Сосын ешқандай шара қабылданбай, ондаған, жүздеген адамның өміріне қауіп төнеді», деді В. Божко.