Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысында екі мыңнан астам мекеме тексерілді - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысында екі мыңнан астам мекемені тексерді. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте аталған ведомствоның басшысы Владимир Божко мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Министрдің сөзіне қарағанда, тексерілген мекемелердің ішінде 480 мейрамхана мен дәмханалар және 212 түнгі клубтар бар. Осы шара аясында 315 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ өрескел заң бұзушылықтарға байланысты 111 нысанды жабу бойынша сотқа талап арыз жасалған.

Бұл саладағы бақылау жұмыстары жалғасып отырғандығын жеткізген В. Божко, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері көпшіліктің қатысуымен өтетен шаралар бойынша орындарда бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Атап айтқанда, барлық мерекелік шараларда, Президенттік шыршаларда, ірі корпоративтік жиындарда өрт қауіпсіздігінің жеке құрамы жұмылдырылған.

ТЖМ пиротехниканы сату бойынша бақылауды күшейткеніне тоқталған министр, «біз пиротехниканы жабық жерлерде пайдалануға тыйым салдырдық», деді.

Айта кетейік, бұған дейін өткен Үкімет отырыстарының бірінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов адамдар көптеп жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар