Өрт қауіпсіздігі: Алматыда 153 мыңға жуық жер үй есепке алынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 500-ден астам жер үй анықталды.

өрт қауіпсіздігі
Фото: Алматы ТЖД

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, жеке сектордағы үйлерді тексеру барысында автономды жылыту жүйелері, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 500-ден астам бұзушылық анықталды.

«Түсіндірме жұмыстары кезінде - тізімдегі 110 мұқтаж отбасының үй иелері табалдырығынан аттатпады.Айта кету керек, жеке тұрғын үй секторында мемлекеттік өрт бақылау жүзеге асырылмайды. Өрт қауіпсіздігін сақтау азаматтардың ұсынымдар мен жеке қауіпсіздікті сақтаған жағдайда мүмкін болады»,- деп атап өтті департаменттен.

Мегаполистегі ескі үйлерді мамандар бақылауға алды.

«Қала бойынша 152911 жеке тұрғын үй есепке алынды,оның ішінде қатты отынмен жылытылатын 2398 жеке үй және қаңқалы-қамыстан салынған 7590 ескі үй ерекше бақылауда. Жеке топқа спирттік ішімдіктерді пайдаланатын және полиция департаментінің есебінде тұрған 2 627 адамда назарда»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 қараша күні елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. 

Соңғы жаңалықтар