Өрт кезінде 23 адам құтқарылды, бір адам қаза тапты - Алматы

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Әуезов ауданында бүгін түнде 4 қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Өрт кезінде 23 адам   құтқарылды, бір адам  қаза тапты  -  Алматы

Өрт сағат 3.25-те ауыздықталып, сағат 4.19-да сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде 23 адам құтқарылды, 55 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнында 46 жастағы ер азаматтың денесі табылды, иіс тиіп уланған 25 жастағы әйел ауруханаға түсті.