Өрт оқиғаларының басым көпшілігі астық өндіретін аймақтарда орын алуда - Ауыл шаруашылығы министрлігі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, елдегі өрт оқиғаларының 70 пайызы далада болатын өрттерден шығады. Ол бірінші кезекте далада өсіп тұрған және қураған шөпті өртеумен байланысты. «Сондықтан қалың көпшілік осындай әрекеттерден аулақ болғаны жөн, бізді дұрыс түсініп, дұрыс көзқарас танытады деген ойдамын. Себебі Қазақстанда орманды алқап соншалықты үлкен емес. Сондықтан қазір қолда бардың өзін сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу біз үшін маңызды іс болуы тиіс», деді комитет төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, елімізде өрт оқиғаларының саны жылдан жылға кеміп отыр. Мысалы 2008 жылы өрт оқиғаларының саны 901-ді құраса, жалын шарпыған аймақ 7мың 728 гектарға жеткен. 2009 жылы өрт оқиғалары 529-ды, өртенген аймақ 4 мың 368 гектар болған. «Бұл орайда айта кететін мәселе, елде болатын өрт оқиғаларының басым көпшілігі астық өндіретін аймақтарда орын алып отыр. Өйткені бұл аймақтарды өте көп мөлшерде бидайдың сабанын өртейді. Осыған байланысты біз барлық аймақтық инспекцияларға жергілікті әкімшіліктермен бірлесе отырып, сабанды өртеу жұмыстарын қадағалау жөнінде тиісті шаралар қолдануды талап етіп отырмыз», деді Е.Нысанбаев.