Өрт салдарынан 60 жастағы ер азамат қаза болды - ТЖМ
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талдықорған қаласында жаңадан салынып жатқан жекеменшік үйдің алдында тұрған вагон өртеніп кетті,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Өрт сағат 20.35-те ауыздықталып, 20.49-да толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 60 жастағы ер азаматтың денесін тапты.
Ал Астанада пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бетон еденге жағылған еріткіш аяқ астынан тұтанып кетіп, оқиға салдарынан 4 адам күйік жарақатымен ауруханаға түсті, олардың үшеуі - 18 жастағы жасөспірімдер.