Өрт салдарынан 61 жастағы ер адам қаза тапты, 4 бала зардап шекті - ҚР ТЖМ

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Өрт салдарынан 61 жастағы ер адам қаза тапты, 4 бала зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 26 маусым күні Атырау облысының Құлсары қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт болды. Жалын тілі 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдай орнынан иіс тиген төрт бала құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі бес жаста, біреуі екіде. 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Қарағандыда бір қабатты 2 пәтерлі тұрғын үй өртенді. Жалын 3 шаршы метр аумаққа тарады. Төтенше жағдай салдарынан үйдің ауласында 61 жастағы ер адам есін жимастан көз жұмды. Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше тұрғындардың күшімен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар