Өрт салдарынан адам өмірі қиылып, үшеуі ауруханаға түсті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Ел аумағында өрт салдарынан адам өмірі қиылып, үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
None
None

Дүйсенбі, 6 мамыр күні Астанада Күлтегін көшесі бойындағы жатақханада өрт болды, жалын 10 шаршы метр аумақты жалмады. Төтенше жағдай салдарынан түрлі күйік жарақаттарын алған әйел мен ер азамат, сондай-ақ иіс тиіп уланған нәресте ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 16 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар осы күні Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында КамАЗ көлігі отқа оранды. Өрт салдарынан белгісіз адамның мәйіті табылды. Өртті сөндіруге аталған облыстағы ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 5 қызметкер мен 1 арнайы техника тартылды.

Соңғы жаңалықтар