Өрт шығып, адамдар ажал құшқан «Хайвил» смарт-пәтерлерінің құны қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Хайвил» элиталы үйінде болған қайғылы жағдай мен бірнеше рет қайталанған өртке байланысты «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі смарт-пәтерлердің құнын сұрастырып білген еді.
None
None

Сату бөлімінің хабарлауынша, «ақылды үй» тұжырымдамасында ең алдымен қауіпсіздікке мән берілген. Кеңесші деректеріне сәйкес, кіреберістер, алаңқайларда және лифтілерде - барлық жерге бейнекамералар орнатылған. Пәтерлерде смарт-домофон жұмыс істейді, ол арқылы балалар алаңқайында ойнап жүрген бүлдіршіндерді бақылауға болады. Сондай-ақ, бұл үй қозғалыс датчиктері негізіндегі «ақылды» жарықтандырумен жабдықталған. Кіреберісте де, пәтерлерде де өрт дабылы жедел хабар береді. Одан бөлек электр энергиясы мен судың автономды генераторы бар. Апатты жағдай болғанда, бір тәулікке жетерлік су көзін пайдалануға болады.

Әзірге дайын пәтерлер «Хайвил парк» (4 бөлмелі) және «Хайвил Астана» (G блогында жалпы ауданы 70 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтерлер) кешендерінде орналасқан. 100 пайыздық төлем жағдайында «Хайвил Астана» пәтерінің бір шаршы метрінің құны 480 мың теңгені құрайды.

«Хайвил парк» пәтерлерінің ауданы 75-тен 123 шаршы метрге дейін жетеді. Ал «Хайвил Астанада» 355 шаршы метр болатын 7 бөлмелі пәтерлер де бар.

Пәтер хабарландырулары орналасқан сайттарда аталған тұрғын үй кешендерінің пәтерлері 36 миллион теңгеден бастап, 455 миллион теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр.

Еске сала кетсек, 14 шілде күні «Хайвил» тұрғын үй кешенінің D блогындағы пәтерден өрт шығып, 4 адам құрбан болды. Кейінірек, Астана ІІД құрбан болғандар - 1953 жылы туған Нигерия азаматы, оның зайыбы - 1963 жылы туған Ұлыбритания азаматшасы, 8 және 17 жастағы кәмелетке толмаған балалар екені анықтады. Ер адам Назарбаев Университетінің қызметкері болған. Алдын ала болжам бойынша, өрт желілердің тұйықталуынан тұтанған. Бірақ, ІІМ Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, өрт себептері туралы айтуға әлі ерте, қазіргі уақытта сәйкес сараптамалар жүріп жатыр.

6 шілде күні де «Хайвил» тұрғын үй кешенінің A блогындағы ғимараттардың бірі өртенген. Тілсіз жауды 17 дана техника мен 35 адам 20 минутта сөндірген еді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

Ал 19 ақпан күні тұрғын үй кешеніндегі өрттен 150 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланды. Бір адам өрт түтінінен зардап шекті. Оқиға орнында 8 дана техника мен астаналық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 35 адам және «102» полиция қызметі мен «103» қызметінің бригадасы жұмылдырылды.

«Хайвил» тұрғыны Анардың айтуынша, бірнеше рет қайталанған өрт оқиғаларынан кейін «ақылды» үйдің жүйесіне деген сенім азайды.

«Дегенмен мұнда тұру расымен де ыңғайлы»,-дейді Анар.

 Үйде пәтер иелерімен қатар уақытша пәтер жалдаушылар да тұрады.

Соңғы жаңалықтар