Өрт шыққан Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның All Nippon Airways (ANA) әуе компаниясының Boeing-767 жолаушылар ұшағы бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында Фукуока қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын ұшақтың командирі әуе кемесінің оң жақ қозғалтқышында өрт шыққанын хабарлаған болатын.
Лайнер мұның алдында Фукуокиден Жапониядағы ең ірі әуежайлардың бірі саналатын Токиода орналасқан Ханэдаға ұшып барған еді.
Оның бортында экипаж мүшелерін қосқанда 278 адам болған. Агенттіктің дерегі бойынша, ешкім зардап шекпеген.