«Өрт сөндіруші» АҚ президенті тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ұжымға ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндіруші» АҚ президенті Болат Абайділдиновті таныстырды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖЕ баспасөз қызметі хабарлады.
Абайділдинов Болат Сейітнұрұлы 1964 жылы 15 шілдеде туды.
1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училимщесін бітірді. Ал 1994 жылы - ӨР Жоғары өрт-техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады.
1985 жылы Талдықорған облысы ІІД ІІБ мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің инженері, Алматы облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, Алматы қаласы ӨҚҚ департаменті бастығының орынбасары болды. «Алматы қ. Құтқару қызметі» МҚКК директоры, «Алматыэлектротранс» ЖШС басқармасының төрағасы болды.
Қызмет уақытында ол төтенше жағдайлардың алдын алу және жою ісінде елеулі үлес қосты.
«Өрт сөндіруші» АҚ - өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар мен қызметтер нарығындағы барныша ірі кәсіби операторлардың бірі.