Өрт сөндірушілер жыл басынан бері 10 мыңға жуық адамды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі, жедел-құтқару және басқа да бөлімшелері 61 983 рет төтенше оқиғаларға шығып, 9 863 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер жыл басынан бері 10 мыңға жуық адамды құтқарды

«ТЖ аймағынан 10 627 адам эвакуацияланып, 3 690 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 9 727 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелді, онда 1 481 адам зардап шекті», - деп жазды министрліктен.

Ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа дауылды ескерту (көктайғақ, қатты жел, боран, қатты аяз, жаңбыр суының қаупі, қар көшкіні қаупі және т.б.), тас жолдардың жабылуы, сабақтардың тоқтатылуы бойынша 4 558 СМС-хабарлама жіберілген.

Жедел ден қоюды және шешім қабылдауды талап ететін ақпарат белгіленген тәртіпке сәйкес дереу тиісті басқару органдарына жеткізіледі.




Фото:gov.kz