Өрт сөндірушілердің штаты 44 пайыз бос тұр

Өрт сөндірушілердің штаты 44 пайыз бос тұр
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өрт сөндірушілердің штаттағы саны норматив санынан 44 пайыз аз. Бұл туралы ведомствоның Kazinform сауалына жолдаған жауабында айтылған.

Қолданыстағы сандық норматив бойынша өрт сөндіру қызметкерлері санының норматив пен штаттық саны арасындағы айырмашылығы 44%. Бүгінгі күні өртке қарсы техникасының жүргізушісі лауазымы тапшы. Министрлік мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер жұмысқа қажетті киім-кешекпен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

«Өрт сөндірушілердің барлығы қажетті нысанды киім-кешекпен толыққанды қамтылған. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығында белгіленген мерзімдерге сай нысанды киім-кешек беріледі», - деп жазылған жауапта.

Соңғы жаңалықтар
telegram