«Орта салмақтағы алапат күш иесі» GGG туралы жаңа видеоролик жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде «Орта салмақтағы алапат күш иесі» деген атпен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы жаңа видеоролик жарыққа шықты, деп хабарлайды sports.kz.

 «Орта салмақтағы алапат күш иесі» GGG туралы жаңа видеоролик жарыққа шықты

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин  соңғы жекпе-жегін 11 қыркүйекте Лондондағы 20 мың орындық O2 аренасында өткізіп, өзінің қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутқа жіберген болатын. Айқасты Бруктің бапкері сүлгіні шаршы алаңға лақтырып, тоқтатқан еді. Нәтижесінде, бұл тартысты додадан кейін ағылшындық боксшы ауруханаға жеткізілді. Бұл - Бруктың кәсіби рингте өткізген 37 жекпе-жегіндегі алғашқы жеңілісі.

Қазақстандық 14-ші рет IBO титулын, екінші мәрте - IBF және бірінші рет WBC-ні қорғады. Жекпе-жек үшін Головкин гонорары 3 млн. фунтты құрады. Осымен ол өзінің мансабында қарсыластарын 36-шы рет жеңіп, бұрынғысынша орта салмақта WBC,WBA (Super), IBO, IBF нұсқалары бойынша жеңілмеген әлем чемпионы болып саналады.