Орта салмақтағы ең үздік боксшы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал инсайдер Майкл Бенсон оқырмандары арасында сауалнама жүргізіп, әр салмақ дәрежесіндегі қазіргі чемпиондардың үздігін анықтауды сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Сауалнама нәтижесі бойынша, орта салмақтағы ең үздік боксшы деп мексикалық Сауль «Канело» Альварес танылды. Ол қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық боксшылар Деметриус Андраде мен Джармалла Чарлоны артта қалдырды. Бенсон оқырмандарына өзінің Twitter-парақшасында дауыс беруді ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин орта салмақтағы IBF титулының иегері. Қазақстандық боксшы украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңімпаз атанған болатын.



Соңғы жаңалықтар