Орта салмақтағы WBO чемпионы Головкинді айқасқа шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Хильберто Рамирес (35-0, 24 КО) судьялардың бірауызды шешімімен украиндық Макс Бурсакты (33-5-1, 15 КО) жеңді, деп хабарлады sports.kz .

Орта салмақтағы WBO чемпионы Головкинді айқасқа шақырды

Олардың жекпе-жегі Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) таңертең  StubHub Center  аренасында өтті. Рамирес супер орта салмақта WBO  тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін алғаш рет қорғады. 

Жекпе-жек аяқталған соң  Хильберто   орта салмақтағы  WBA Super, WBC, IBF және IBO  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) рингке шақырды, деп хабарлады Boxingscene.com .