Орта және шағын банктердің уақыты туды - Борис Уманов

АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Умановтың айтуынша, көптеген алпауыт «банк-құбыжықтар» өздерінің күрт өзгерген жағдайларда тиімсіздігін көрсетіп,

Орта және шағын банктердің уақыты туды  -  Борис Уманов

ауқымды мемлекеттік жәрдемнің арқасында ғана өз жұмысын жалғастыра алды. Бұл әлемдік дағдарыс қорытындысынан шығатын тұжырымдардың бірі. Ол туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан 7-ші Халықаралық тәуекел-менеджменті конференцияда айтылды.

«Ғаламшарда жүйткіп өткен қаржылық құйын осы нарықтың қатысушыларының мықтылығы үшін өзінше бір стресс-тест және тексеру болды. Бүгіндері тәуекелдерді басқару тұрғысынан анағұрлым орнықты әрі даму стратегиясына түзету енгізу қажеттілігі туындаған кезде анағұрлым икемдірек орта және шағын банктердің уақыты туды. Үлкен емес банктер стрестік активтер қорына мұқтаж емес, себебі оларда ол жоқ. Сонымен қатар орасан зор сыртқы қарызды төлеу қиындығы да жоқ, өйткені олар көрпесіне қарай көсіледі», - дейді Борис Уманов.

Оның пайымдауынша, тәуекел-менеджмент тұрғысынан шағын әрі орта банктердің мегабанктердің «орнына» келуі нұр үстіне нұр болар еді. Жүйеде «too big to fail» санатындағы ойыншылардың болмауы мемлекетке дағдарыс жағдайларында миллиардтаған долларларды жұмсамау мүмкіндігін берер еді. Кішкентай текшелі банктерді, банк-бутиктерді, сондай-ақ тек желіде жұмыс істейтін онлайн-банктерді қызмет ету құқығынан айыруға болмайды. 21 ғасырда клиентке келу үшін физикалық филиал желісін дамыту міндетті емес.