22:55, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Ортағасырлық тәжірибемен Эбола індетін «жеңуге» болады - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Environment Systems and Decisions журналына ғылыми тұжырымдарын жариялаған ғалымдардың пікіріне сүйенсек, Африкадағы Эбола безгегі эпидемиясымен күресте ортағасырдағы венециялық тәжірибені қолдануға болады.

XIV ғасырда Венеция тоғыз жолдың торбаныдағы еуропалық маңызды сауда жолы болған. Сондықтан, онда оба індеті жиі ушығып, емдік тәсілдері әбден сыналған. Ол кезде венециялықтар қазіргі тілде «орнықты басқару» деп аталып жүрген тәсілді қолданған, деп жазады аталған басылым. Ортағасырлық Венецияда ол тәсіл бойынша, санитарлық бақылауды, карантин жүйесін күшейтіп, аралдарда лазареттер мен карантиндік стансалар ұйымдастыруды, арнайы киім киіп жүру енгізілген.