Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Президенттері кешкі ас ішуге жиналды
АСТАНА. KAZINFORM - Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Президенттері кешкі ас ішуге жиналды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады.

Бүгін кешке Астанаға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді, ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

Одан бұрын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров та Астанаға келген еді. Қырғыз басшысы да Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев те Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген болатын.

Ал, 7 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алғанын жазған едік.

7-8 тамыз күндері түстіктегі көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары өтіп жатыр.