Орталық Азия елдерінің БАҚ өкілдері Алтай аймағына келді

Алтай аймағы
Фото: Kazinform

«Бір белдеу, бір жол»: қазақ-қытай бірлескен бастамасына – 10 жыл. Осыған қарай, Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ өкілдері үшін  Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына қарасты Алтай аймағына баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Алтай өңіріне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елінен 20-ға жуық БАҚ өкілдері барды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шетелдік журналистерге аймақтың туризм саласы толық таныстырылады.

«Алтай аймағы дүниежүзі бойынша шаңғы тебуге ең қолайлы өңір. Осы спорт түрімен шұғылданушылар қазан айынан бастап келеді. Осы баспасөз туры барысында журналистер Алтай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, қолөнер, ағаш, темір шеберлері ұсынған бұйымдарды тамашалайды», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Алтай аймағы
Фото: Kazinform

Еске салайық, биыл «Бір белдеу, бір жол»: қазақ-қытай бірлескен бастамасына – 10 жыл. Мыңдаған шақырымға созылған бұл жолдың тарихы тереңде жатыр. Бұл жолмен түйелерден бастап, Қытай-Еуропа жүк пойыздарына дейін Шығыс пен Батыс арасында әртүрлі тәсілдермен тауарлар үздіксіз тасымалданып келеді.

Алтай аймаңы
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар
telegram