Орталық Азия — Еуропа Одағы саммитіне қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ақорда «Орталық Азия — Еуропа Одағы» саммитіне қатысушылардың Aral Culture Summit көрмесін тамашалағанын жазды.

Участники саммита «Центральная Азия – Европейский Союз» осмотрели выставку Aral Culture Summit
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді.

Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.

Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді.

Айта кетейік, бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Орталық Азия — Еуропа Одағы» форматындағы алғашқы саммиті өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен келді. Оның барысында Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен екіжақты кездесулер өткізді.

Соңғы жаңалықтар