Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен АҚШ Президентінің бірлескен суреті жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақорда Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен АҚШ Президентінің бірлескен суретін жариялады. 

Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен АҚШ Президентінің бірлескен суреті
Фото: Ақорда

— Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен АҚШ Президентінің бірлескен суреті. 6 қараша, Вашингтон, Ақ үй, — делінген хабарламада.

Айта кетелік кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден бастаған еді. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойды

Сондай-ақ Президентке Вашингтонда әлемдік нарыққа шыққан ІТ стартаптар таныстырылды. Президент америкалық конгрессмендерді қабылдады. Кейін Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ-тың танымал басылымдарына сұхбат берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізді

Соңғы жаңалықтар