Орталық Азиядағы ең биік сарқырамаға апаратын жол жөнделеді
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше биылғы жылдың 10 айында туристер қабылдайтын нысандарда 41 мың адам демалып, ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн теңгеге жеткен. Сарқырамаға апаратын жол құрылысының келесі жылы басталатын облыс әкім Ескелді ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
— Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек — деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.
Еске салайық осыған дейін Жетісуда биыл облыстық деңгейдегі 193 шақырым жол жөндеу жұмыстары аяқталатынын жазғанбыз.