Орталық Қытайдағы мектеп жатақханасындағы өрттен 13 адам қаза болды

ЧЖЭНЧЖОУ. KAZINFORM – Орталық Қытайдың Хэнань провинциясында орналасқан Наньян қаласы Фэнчан уезінде жұма күні түнде болған өрттен 13 адамның мерт болғаны расталды, деп мәлім етті жергілікті билік өкілдері.

өрт
Фото: ТАСС

Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, жұма күні сағат 23:00 кезінде өртпен күрес қызметіне Яньшаньпу ауылындағы Инцай мектебінің жатақханасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден оқиға орнына жетіп, өрт 23:38-де сөндірілді.

Бір адам жарақат алып, қазіргі таңда ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты. Осы уақытта өрттің себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.