Орталық әскери оркестрдің 73 мүшесі өз еркімен жұмыстан кетті

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Астанаға көшкісі келмеген Орталық әскери оркестрдің 73 мүшесі өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Сәуле Смағұлова мәлім етті.

Орталық әскери оркестрдің 73 мүшесі өз еркімен жұмыстан кетті

«Дәл қазіргі уақытта Орталық әскери оркестрдің құрамына кіретін 90 адамның 17-сі Астанаға көшіп келді. Олардың 4-еуі жасына байланысты жұмыстан кетсе, 2-еуі денсаулыққа және келісімшарттың аяқталуына орай өз қызметінен босатылды. Ал оркестрдің қалған 11 мүшесі қалды. Олардың бәріне Астанадан баспана берілді. Музыканттардың басым бөлігі - 73 адам өз еркімен жұмыстан кетті. Негізгі себеп - отбасы жағдайы, яғни олар Астанаға көшкісі келмеген. Қазіргі кезде Орталық әскери оркестрдің жаңа құрамы жасақталып жатыр», - дейді С.Смағұлова.