Орталық аттестация комиссиясы Қарағанды облысы ІІО-ның 214 қызметкерін емтиханнан өткізеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ішкі істер органның 214 қызметкері Орталық аттестация комиссиясында кезектен тыс аттестациядан өтуде.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кезектен тыс аттестациядан өтетіндер - ІІД қызмет аппаратының басшылығы, аумақтық ІІО-ның басшылары, есірткі бизнесімен күрес және жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері.  Сондай-ақ Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы басшылығының құрамы, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің жетекшілері, Қарағанды және Жезқазған мамандандырылған күзет қызмет басқармасының басшылары, әскери-тергеу басқармасының және ішкі істер жүйелері бөлімінің қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өтеді», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның берген ақпаратына зер салсақ, қазіргі уақытта аттестациядан өтетіндер компьютерлік және психологиялық тестілеуден өтті. Тестілеу Қарағандының медициналық академиясында өтуде.

«Қазіргі уақытта дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ тапсырылуда. Осыдан кейін, 2-5 шілде аралығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбарасы Ерлік Кенебаевтың төрағалығымен Орталық аттестатация комиссиясында әңгімелесу өтеді. Ең соңында комиссия кім қызметін әрі қарай жалғастыратынын шешеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар