Орталық Азия басшылары берік достықтың белгісі ретінде көшет отырғызды
ТАШКЕНТ. қазАқпарат – Орталық Азия елдері достық және ынтымақтастық белгісі ретінде көшет отырғызды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижелі келіссөздерден кейін Консультативтік кездесу аясында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Куксарой резиденциясында Құрметті қонақтар аллеясында ағаш көшеттерін отырғызды.
Баспасөз қызметі хабарлағанда, бұл ағаштардың өсуі Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан елдерінің берік достығы мен ынтымақтастығын білдіреді.
Еске сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия елдері басшыларының Екінші Консультативтік кездесуіне қатысып жатыр.
Мирас Қуандықов








