Орталық Азия елдері мұздықтарға бірлесіп мониторинг жүргізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық Азиядағы бүкіл мұздықтарды мониторингтеуге және модельдеуге арналған ортақ құжат әзірнеленеді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының Арал проблемасына аранлған сауалына берген жауабында осныдай мәлімет келітірлген, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азия елдері мұздықтарға бірлесіп мониторинг жүргізбек
Фото: krot.info

«Жасыл Орталық Азия» бастамасының аясында Орталық Азиядағы бүкіл мұздықтарды мониторингтеуге және модельдеуге арналған ортақ құжат әзірлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Орталық Азиядағы климат сын-қатерлерін басқару» жобасын іске асыру көзделген. Бұл жоба ұлттық деңгейде бектіілген орнықты даму мақсаттарының климаттың өзгеруіне бейімделу, бейбітішілік және қауіпсіздік бағыттарында бекітілген көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етеді», - деп жазады Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Халықаралық әріптестік жөніндегі Германия қоғамы арасында өңірлік бағдарламаны іске асыру туралы келісімшартқа қол қойылатынын айтады.

«Одан бөлек БҰҰ-ның Климаттың өзгеру жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 27- конференциясында Орталық Азия үкіметтерінің атынан «Орталық Азия үні» атты өңірлік мәлімдемесі жарияланды. Ол мәлімдемеде өңірдегі климаттық өзгерістердің ортақ проблемалары баяндалып, климат өзгерісне бейімделу және оны жеңілдету бағытындағы қадамдар ұсынылды», - деп жазылған жауапта.