Орталық Азия елдері өз мүмкіндіктерінің тек бір бөлігін пайдаланып отыр – Уильям Томпсон
«Орталық Азия елдерінің мүмкінгі мол. Дегенмен оны аша білу маңызды деп санаймыз. Тек Солтүстік маршрутқа басымдық беру басқа бағдарлардың ілгерілеуін шектейді.Ол үшін көп инвестиция қажет. Қаражат инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Мәселен, Каспий және Қара теңіздердің мүмкіндігі үлкен. Осы бағыттардағы дәліздерді дамыту орынды болмақ. Ол үшін бұл бағыттағы шаралар мен жұмыстарды үйлестіретін орган болуы тиіс», - деп тоқталды Уильям Томпсон.
Спикердің пікірі Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдау бағытында жаңа дәліздер ашу қажет дегенге саяды.
«Жоғарыда аталған маршруттар арқылы Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін тауарлар көлемінің артып келе жатқаны байқалады. Бұл ретте сауда-саттық маршруттары жақсы дамыған дейміз. Алайда, қазір біз тек бар мүмкіндіктің тек бір бөлігін ғана пайдаланып отырмыз», - деп түйіндеді Уильям Томпсон.