Орталық Азия елдерінің басшылары Ислам Кәрімовті еске алды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Өзбекстан Республикасының бірінші президенті Ислам Кәрімовті еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӨР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консультативтік кеңес аяқталысымен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Ислам Кәрімов атындағы ғылыми-ағарту мемориалдық кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының бірінші президенті ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына құрмет көрсетті.

Еске сала кетсек, Елбасының қатысуымен Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі өз жұмысын бастаған болатын.

Жиын барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар