11:25, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Орталық Азия елдерінің өкілдері аймақтық ынтымақтастық және шекара қауіпсіздігі мәселелерін талқылайды
БІШКЕК. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ақпанның 3-і мен 5-і аралығында Бішкекте Джордж К.Маршалл орталығының ұйытқы болуымен өтетін кездесуде Орталық Азия елдерінің өкілдері шекара проблемалары мен аймақтық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форум жұмысына Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ Германия мен АҚШ-тан 50-ге жуық сарапшы-маман қатысады деп күтілуде. Бішкек форумына қатысушылар шекара қауіпсіздігі мәселелеріне, Орталық Азия елдерінің шекаралас аудандарында туындайтын басқа да проблемаларға, шекара ынтымақтастығы реформаларына төніп отырған трансұлттық қауіп-қатерлерге арналған баяндамалар жасайды.