Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Қырғызстанда кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Әбдірахманов Шолпан атада өтетін Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысатын болады.
«Кездесуде министрлер Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасуды, көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты талқылауды, күн тәртібінде тұрған өңірлік және халықаралық мәселелерді қарауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Күн тәртібінде, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің орындалу жайы да болады. Кездесу үстіміздегі жылы Астанада өткен болатын.