Орталық Азия мен Ресей аумағында «Орман бақ» бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы «Орман бақ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға 3,4 миллион теңге көлемінде грант бөлді.
«АҚТЕРЕК КZ» ЖШС жобаны жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге, орман және бақ шаруашылығы мамандары мен жергілікті атқарушы органдарға арнап әзірлеп отыр. Онда орман және бақ мәдениеті, ҚР Орман кодексінің құжаттары мен нормативтік актілері және басқа да арнайы мамандандырылған нормативті-құқықтық актілер бойынша деректер базасы орналастырылатын болады.
Сонымен бірге ақпараттық жүйеде бизнес-жоспарды құру, қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді есептеу функциялары да қарастырылған. Бұл жеміс бағы жобасын жасауға, орманды кесілген ағаш материалдарын дайындауға әзірлеуге және т.б. мүмкіндік береді. Онымен қоса, ақпараттық жүйеде орман және бақ мәдениеттерін көгалдандыру бойынша, орман және бақ шаруашылықтарына мемлекеттік субсидиялар бойынша шығындардың негізділігіне сараптама жүргізуге болады.
«Орман бақ» порталы онлайн-форум аясында түрлі сала мамандарын бір диалог алаңына жинап, Орталық Азия мен Ресей орман тәлімбағы мамандарының басын қоспақ.