Орталық Азия одағын «Түркістан бестігі» деп атау ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда жаңа аймақтық бірлестікті құру мәселесі қайта көтерілді. Ал Қазақ-неміс университеті жанындағы xалықаралық және аймақтық ынтымақтастық институтының директоры Болат Сұлтанов Орталық Азияның жаңа одағын «Түркістан бестігі» етіп құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сарапшының айтуынша, осы салада орталық және шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесін пайдалануға әбден болады. Ол жақта Венгрия, Польша, Чеxия мен Словакия Еуропалық одаққа кірердің алдында өз бірлестігін құрып, ортақ мәселелерді бірлесіп шешуді ұйғарды. Ал 2004 жылы одаққа мүше болғаннан кейін төрттікті сақтап қалды. Себебі аймақтық және xалықаралық мәселедерді шешкенде бірлесіп жұмыс жасаған тиімді. Төрт мемлекет Еуропалық кеңестің әрбір отырысына дейін алдымен өздері жиналып, ортақ ұстанымдарын әзірлейді. Мемлекет басшылары да, сарапшылары да үнемі жиналып, барлық өзекті мәселелерді талқылап отырады. «Орталық Азияда дәл осы тәжірибені пайдалануға болады. Түркістан қаласы аталған әріптестіктің орталығы бола алады. Ал Орталық Азияның аймақтық бірлестігін «Түркістан бестігі» деп атауға болады», - дейді Сұлтанов.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы конференция басталды. Биылғы конференцияның тақырыбы - «Жаһандық трансформация жағдайындағы Орталық Азия». Жиынға Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай мен Ресейдің сарапшылары қатысуда. Сол жерде депутат Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа аймақтық бірлестікті құру мәселесін қайтадан көтерді.

Соңғы жаңалықтар