Орталық Азия университетін құру жөніндегі Шарт Хаттамасы заңмен бекітіледі

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - 2008 жылғы наурыздың 12-сінде Астана қаласында және өткен жылғы мамырдың 26-сында Париж қаласында Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан елдері мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия  университетін құру жөніндегі Шарт Хаттамасына қол қойылған болатын.
None
None

Осы Хаттаманы заң жобасы түрінде дайындаған Үкімет оны бекіту үшін Мәжілістің қарауына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын қабылдау Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа сәйкес Орталық Азия университетін құру үшін жеткізілетін жабдықтар мен материалдарға салық салудан Орталық Азия Университетін босату жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мақсатында қажет.

Хаттамада «салықтар» деген ұғымға Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2-бабында көзделгеннен өзгеше анықтама беріледі. Хаттамаға сәйкес Шартта және Орталық Азия Университетінің Жарғысында қолданылатын «салықтар» деген термин қазақстандық Тарап үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді білдіреді.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8)тармақшасына және 27-бабының 4-тармағына, сондай-ақ Хаттаманың 4-бабына сәйкес әзірленді.

Осы заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы  бөлуді талап етпейді және келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды.

Соңғы жаңалықтар