Орталық Азия жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны биыл 4,1%-ға жетеді
Өңірдегі даму келешегі мен интеграциялық үдерістерге арналған талдамалық құжатта атап көрсетілгендей, жалпы алғанда, Азия елдерінің экономикалық өсу қарқыны 2023 жылы 4,5 пайызды құрады.
Субөңір бойынша Шығыс Азиядағы ЖІӨ өсімі биыл 4,5%-ға дейін өседі деп күтіліп отыр. Бұл үрдіс Қытай экономикасының қалпына келуіне байланысты.
Дүниежүзілік банктің (ДБ) бағалауынша, Вьетнам, Филиппин, Моңғолия және Камбоджаның экономикалық өсу қарқыны сәйкесінше 6,3%, 5,4%, 5,3% және 5,2% болады.
Оңтүстік Азия 2023 жылы ең жоғары жалпы өсу қарқыны 5,4% болатын қосалқы аймақ болады. Бұл негізінен Үндістанның жоғары өсу қарқынына байланысты.
Орталық Азияның ЖІӨ өсу қарқыны 2023 жылы шамамен 4,1% болады деп болжанған.
Батыс Азияның өсу қарқыны 2023 жылы 2,9% құрайды, бұл - азиялық қосалқы аймақтар арасындағы ең төменгі көрсеткіш.
ЖІӨ өсімінің ең жоғары қарқыны БАӘ-де – 4,1% деңгейінде.
Құжатта 2023 жылы Азия аймағы жалпы экономикалық өсу қарқынын жеделдетіп, өңірлік өндіріс, сауда, инвестициялық және қаржылық интеграцияны ілгерілетуді жалғастыратыны атап өтілген.
«Азия экономикаларының сыртқы тұрақтылығы, өнеркәсіптік тізбектерді қайта конфигурациялау, климаттың өзгеруіне жауап беру және аймақтық сауда келісімдерін жүзеге асыру - мұқият назар аударуды қажет ететін төрт маңызды мәселе», - делінген БАФ шолуында.
28-31 наурыз аралығында Қытайдың Хайнянь аралында жыл сайынғы Боао Азия форумы өтіп жатыр.
Форум аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) губернаторы Ренат Бектұров «Бір белдеу, бір жол: даму мүмкіндіктерін бөлісу» панельдік сессиясына қатысты.