Орталық Азияда АИТВ-инфекциясының көбірек таралуы Өзбекстанда байқалып отыр - ЮНЭЙДС

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азияда АИТВ-инфекциясының көбірек таралуы Өзбекстанда байқалып отыр. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ЮНЭЙДС (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының) ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директоры Виней Салдана мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, Орталық Азияда аурудың таралуының мүлдем әртүрлі ауқымы байқалып отыр. Өңірде АИТВ-ның ең көп таралуы Өзбекстанда тіркеліп отыр. Маманның пайымынша, бұған өңір бойынша осы елде халық санының көптігіне байланысты болып отыр.

«Осы елде тіркелген АИТВ оқиғаларының саны айтарлықтай көп. Бұл тұрғыда Қырғызстан мен Тәжікстанда орташа жағдай байқалуда», - деді В. Салдана.

ЮНЭЙДС өкілінің айтуынша, Түркіменстан  өңір бойынша БҰҰ-ға АИТВ фактілері жөнінде мүлдем хабарламаған жалғыз ел болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар