Орталық Азияда бір тәуліктің ішінде үш рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 ақпанда Алматы уақыты бойынша мен 07 сағат 58 мин. 46 сек. жер сілкінісі тіркелді.

Орталық Азияда бір тәуліктің ішінде үш рет жер сілкінді

Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5. Магнитудасы - 4.1. Тереңдігі 20 шақырым. Алматыда жер сілкінісінің дүмпуі сезілген жоқ.

Еске сала кетсек, біріншісі Алматы уақыты бойынша сағат 01:12-де тіркелді, оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Арада жарты сағат өткен соң, сағат 01:40-та тағы да бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 766 шақырым жерде Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан.