Орталық Азияда зорлық-зомбылықпен күрес жұмысында жетістіктерге қол жеткізілді

АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Екі жылға созылған «Орталық Азиядағы азаптау әрекеттерінің жолын кесу» жобасының арқасында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілген.
None
None
Дегенмен, Орталық Азияда құқық қорғау органдары тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттері әлі де қиын жағдайда. Бұл жайында осы жоба аясында зерттеу жүргізген мамандар айтып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұндай ауқымды жобаны ұйымдастыруға бір ғана ұйымның қауқары жете бермейді. Сондықтан Қазақстан мен Орталық Азиядағы Қырғызстан, Тәжікстан секілді өзге де елдерден бірқатар құқық қорғау ұйымдары тартылды. Нәтижесінде бірқатар оң үрдістер жолға қойылды. Соның ішінде барлық зорлық-зомбылық фактілері енетін ортақ объективті дерек қоры жинақталды. Жұмыс барысында үш елдегі құқық қорғау саласында жұмыс істейтін белсенділер мен журналистер жүйесі қалыптасты, олардың арасындағы қарым-қатынас, ортақтасып жұмыс істеу қарқыны жақсарды. Бұған қоса, жобаға қатысушылар зорлық-зомбылық мәселесіне аймақтағы елдер үкіметтерінің және қоғамның назарын аудартуға тырыстық», дейді Фридом Хаус Еуропа ұйымының директоры Владимир Школьников.Құқық қорғау саласындағы мамандар үшін жағымды өзгерістердің бірі Қазақстан мен Қырғызстанның зорлық-зомбылыққа қарсы Конвенцияның факультативті хаттамасын ратификациялауы болып отыр. Ендігі кезекте мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерді тәжірибеде іске асыру және халықаралық стандарттарға сай заңнамаларын реттеу бағытында жұмыстар атқаруы қажет.
Соңғы жаңалықтар