Орталық Азиядағы 20 млн адамның бір күндік табысы 6,8 долларға жетпейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілікбанктің есептеулері бойынша Орталық Азияда тұрмыс деңгейі кедейлік шегінен да төмен 20 млн адам тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азиядағы 20 млн адамның бір күндік табысы 6,8 долларға жетпейді

«COVID-19 пандемиясы кезінде кедейлгеніне қарамастан, 2021-2022 жылдары қабылданған шаралар өз жемісін берді. Экономикалық өсу жалғаса берсе, кедейлер саны 2022 жылы да қысқарады», - деді Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің аға экономисі Уильям Сейц онлайн-брифингіде.

Оның айтуынша, Қазақстан пандемияға дейін кедейлердің санын қысқартуғабағытталған жүйелі шараларды іске асырып келді. Пандемия ол жоспарды бұзып, салада іркіліс пайда болған. Шектеу шаралары алынғаннан кейін әлгі шаралар қайта жалғасын тауып отыр.

«Жалпы Орталық Азияны тұтастай алсақ, миллиондаған адам кедейлік шегінен де төмен тұрмыс кешіп жатыр. Өңірде 5 миллион астам адам күніне 3,65 доллар табады. Бұл орташа табысдеңгейі төмен елдердіңкөрсеткішіне жатады. Ал табысы орташа деңгейден жоғары елдерде күндік табыскемінде 6,85 доллар болуы керек. Бұл мөлшерге жете алмай жүрген 20 миллион адам бар. Аймақ кедейлікті жоя алған жоқ, бірақ биыл бұл мәселеде оң тенденция байқалды», - дейді Уильям Сейц.